Жаңаөзенде иттерді аяусыз атқан азаматтардың видеосы тарады

2766
Adyrna.kz Telegram

Жаңаөзенде иттерді аяусыз атқан азаматтардың видеосы тарады. Бейнежазбадан ер адамның иттерді қарумен атып, кейін денелерін шұңқырға лақтырып жатқанын көруге болады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Lada.kz порталы таратқан ақпаратқа сүйенсек, желіде қазақстандықтар видеоға наразы пікірлер қалдыруда. Олар шенеуніктердің бұл оқиғаға назар аударуын сұрайды.

“Біз мұнда жануарлардың барлығын емдеп, оларды құтқаруға тырысып жатсақ, олар келіп иттерді өлтіріп жатыр. Тірілерін көлікке артып, күлге апарып тастайды. Мұндай не болып жатыр өзі?!", - дейді зооқорғаушы.

Айта кетейік, Қазақстанда қаңғыбас иттерді атуға тыйым салынған. Заң бойынша оларды ұстап, чиптеп, зарарсыздандыру керек.

Пікірлер