Жаңаөзенде жұмысшылар бас көтерді

2997
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы "Бұрғылау" ЖШС мекемесінің аутсорсинг қызметкерлері бас көтерді, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. 

Жұмысшылардың айтуынша, аутсорсинг қызметкерлері мен штат қызметкерлері бірдей жұмыс атқаруда. Алайда, алатын жалақыларының айырмашылығы жер мен көктей. Жұмысшылардың жанайқайынан байқайтынымыз, алатын жалақының мөлшерін тең етуі, я болмаса аутсорсинг қызметкерлерін штаттық қызметке алсын деуде.

Жиынға "Бұрғылау" ЖШС мекемесінің штаттық қызметкерлері мен аутсорсинг жұмысшылары жиналды. Шағымданушылардың жиынында Жаңаөзен қаласының әкімінің орынбасары Ғалым Байжанов та болды.

Тұрғындардың пікірінше, бұндай жағдай қаладағы мекемелердің арасында жиі орын алады екен. Бүгін де "Мунай филд Сервис" ЖШС-де де дәл осындай жағдай орын алды.

 

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер