Жаңаөзенде мұнай таситын жүк көлігі өртенді

1023
Adyrna.kz Telegram
Фото: Lada.kz
Фото: Lada.kz

Жаңаөзенде мұнай таситын жүк көлігі жанып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Lada.kz-ке сілтеп.

Қайғылы оқиға 6 шілде күні "Жаңаөзен-Жетібай" тасжолы аумағында болған. ТЖМ мәліметінше, мұнай тасымалдайтын жүк көлігінің артқы дөңгелектері өртене бастаған.

Мұнай таситын жүк көлігінің өртенуі салдарынан зардап шеккендер жоқ. Қызыл жалынның шығу себебі анықталып жатыр.

Пікірлер