Ресей Солтүстік Кореядан қару-жарақ алу үшін азық-түлікпен алмасуды ұсынды

2760
Adyrna.kz Telegram

Ресей Федерациясы Солтүстік Кореядан қару-жарақ алу үшін азық-түлікпен алмасуды ұсынып отыр. Бұл туралы АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің стратегиялық коммуникациялар үйлестірушісі Джон Кирби айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Politico басылымына сілтеме жасап.

Айтуынша, Ресей мұндай қадамға Украинадағы әскери операцияларды күшейту үшін бармақшы.

«Солтүстік Корея Ресейдің басқыншылық әрекеттеріне одан әрі қолдау көрсете ме деп алаңдаймыз. Бізде федерацияның қосымша оқ-дәрілерді белсенді түрде іздеп жатқаны туралы жаңа ақпарат бар», - деді ол.

Кирби АҚШ-тың бұл келісімді мұқият қадағалайтынын атап өтті.

Айта кетейік, Солтүстік Кореядан Ресейге қару-жарақ жеткізу мәселесі БАҚ-та өткен жылдан бері талқылап келеді.

2022 жылдың қараша айында АҚШ Солтүстік Кореяны Ресейге артиллериялық снарядтардың едәуір мөлшерін жеткізді және оны жасыруға тырысты деп айыптаған болатын. Барлау мәліметтері бойынша, оқ-дәрілер Таяу Шығыс немесе Солтүстік Африка елдеріне жіберіледі, бірақ іс жүзінде Ресейге арналған. Алайда Солтүстік Корея ақпараттардың барлығын жоққа шығарды.

Пікірлер