"Сайлауда мұғалімдерге "жүйе істетті", "бұйрық берілді" деген сылтау жүрмейді" - Қоғам белсендісі

3421
Adyrna.kz Telegram

Қоғам белсендісі, блогер Мейіржан Темірбек сайлау барысындағы оқытушылардан құралған комиссия мүшелерін сынға алды. Олардың ұлт болашағына келтірген зиянын еш ақтап алуға келмейтін әрекет деп бағалап, ақша емес, ар-ұят мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Қоғам белсендісі Мейіржан Темірбек сайлау кезінде комиссия құрамында болған мұғалімдерді сөзбен түйреп, кесімін айтты.

- Комиссиядағы мұғалімдерге "жүйе істетті", "бұйрық берілді" деген сылтау жүрмейді. Өйткені олар "не болса да келісемін" деп келісім қағазын жазып бергендер. Ар мен намысты аяққа таптатты. Байқаушылардың заң талаптарын орындалуын бақылауға келгенін біле тұра ашықтықтан жалтаруы, түрлі құйтырқы әрекеттерге баруы, дауыс ұрлауға жанын салып кірісуі нені білдіреді?! Комиссиядан шығармайды деп сылтауратады кейбіреуі. Бұл құр сылтау ғана... - деді белсенді.

Оқырмандар автордың ұстанымын қолдап, төмендегідей ой-пікірлерін ақтарып салды:

- Ешкімді мәжбүрлемейді. Ақшасы үшін комиссия мүшесі болады. Жылда сол бір адамдар ажырамай болып отырған жоқ па? Басқа адамға бол десе қуана болады;
- Дұрыс айтады. Мәжбүрлемейді, таңдау береді;
- Дауыс ұрламай қарсыласса, өздері ақ қояды;
- Дәл солай! Егер шын мұғалім болса, дауысты ұрлауға жол бермес еді. Қасқайып қарсы тұрар еді, қылмысты әшкере жасайтын еді. Содан кейін қудаланып жатса, сол мұғалімнің қасынан табылар едім. Сайлауды таза өткізген уачастоктерде де мұғалімдер болды. Олар бұрмалауға жол берген жоқ, - деді олар.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер