Миллионнан астам адам. Ердоған Ыстамбұлда рекордтық митинг жинады

2491
Adyrna.kz Telegram

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Ыстамбұлда 1,7 миллион адам қатысқан рекордтық шеру жинады,  деп хабарлайды "Адырна" порталы Anadolu басылымына сілтеме жасап.

Митинг бұрынғы Ататүрік халықаралық әуежайының аумағында орналасқан Ұлттық саябақта өтті. Шараны биліктегі Әділет және даму партиясы ұйымдастырды.

"Маған жеткен ресми мәлімет бойынша, шеруге 1,7 миллионға жуық адам қатысуда. Ыстамбұл тұрғындары сайлауға "иә" десе, президентті сайлау мәселесі шешілді деп санауға болады", - деді Ердоған сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар, DW агенттігінің хабарлауынша, 7 мамырда Түркияның Эрзурум қаласында оппозиция шеруіне белгісіз біреулердің шабуылы салдарынан кем дегенде 9 адам жарақат алған. Жиында сөз алған Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоглу оппозиция мен митингіге қатысушыларға тас лақтырылғанын, нәтижесінде партия автобусының зақымданғанын айтты. Экрем Имамоглу оппозициялық «Халық альянсы» атынан бір кандидат – Республикалық халық партиясының жетекшісі Кемал Кылычдароғлуды ұсынған.

Түркияда президенттік және парламенттік сайлау 14 мамырда өтеді. Ердоғанның басты бәсекелесі оппозициялық «Халық альянсы» партиясының бірыңғай кандидаты Кемал Кылычдароглу болмақ. Сайлауға «Мемлекет» партиясының басшысы Мухаррем Инже мен «Ата» альянсының кандидаты Синан Оган да қатысуда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер