Түркия Украина-Ресей арасындағы әскери қақтығыс кезінде еш тарапты қолдамайды. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
"Мен ұлтқа үндеу тастағым келеді. Түркия әскери қақтығыстарда оп-оңай әрі жайдан-жай еш тарапты қолдамайды. Түркия әрқашан бейбітшілікті жақтайды, оны қорғайды, жаһандық бейбітшілікті нығайту үшін қадамдар жасайды. Шындығында, Ресей-Украина қақтығысындағы біздің міндетіміз осы", - деді Ердоған.
"Адырна" ұлттық порталы