"Еш тарапты қолдамаймыз": Ердоған Украина-Ресей соғысына қатысты мәлімдеме жасады

3797
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/03/94aace2b3f058ce462e04e530f25f33d.jpeg
Түркия Украина-Ресей арасындағы әскери қақтығыс кезінде еш тарапты қолдамайды. Бұл туралы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мәлімдеді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 
"Мен ұлтқа үндеу тастағым келеді. Түркия әскери қақтығыстарда оп-оңай әрі жайдан-жай еш тарапты қолдамайды. Түркия әрқашан бейбітшілікті жақтайды, оны қорғайды, жаһандық бейбітшілікті нығайту үшін қадамдар жасайды. Шындығында, Ресей-Украина қақтығысындағы біздің міндетіміз осы", - деді Ердоған.

"Адырна" ұлттық порталы 

 
评论