Масс-медиа заңы: Баспасөз картасы бар журналист қандай артықшылыққа ие болмақ

2388
Adyrna.kz Telegram
«Масс-медиа туралы» заң жобасы әлі талқыланып жатыр. Бұл мәселеге қатысты Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Жасұлан Өмірәлиев онлайн форматында жиын өткізді.
Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Жасұлан Өмірәлиев БАҚ-қа негізделген заңмен жұмыстың мақсаты әлі толық орындалмай жатқанын тілге тиек етті. Қазіргі таңда заңға бірқатар өзгерістер енгізілді.
Ақпан айының 2-сінде ережелерге сәйкес, «Масс-медиа туралы» заң жобасының нұсқасын ашық порталға енгізіп, талқылау жүргіздік. Оның ішінде көптеген ескертулер болды. Соның аясында Мемлекет басшысының атына арыз да жазылған болатын. Оны да біз қарап, пысықтадық. Нәтижесінде жаңа нұсқасы дайындалды. Ескертулер аясында өзгертілген нұсқаны ашық порталға тағы да енгіземіз. Әрі қарай регламент бойынша жұмыстар жалғасады. Мемлекеттік органдармен келісіп, сараптамалар жасалып жатыр. Содан кейін Үкіметке кіретін боламыз, – деді ол.
Сондай-ақ, ол жаңа заңға қандай өзгерістер енгізілгені туралы атап өтті.
Барлығында пікір болды. Мұндай норма болмайды немесе цензура деген секілді. Біз өз тарапымыздан бұған қатысты ойымызды айттық. Пысықтай келе, жұмыс тобымен мынадай шешімге келдік. Ерекше жағдайлар нормасын алып тастадық. Екіншіден, баспасөз карталар бойынша сын және этика мәселесі заңның ішінде болмау керек деген секілді сауалдар да болды. Осының бәрін ескере келе, біраз бапқа түзету енгіздік. Баспасөз картасына шектеу енгізілмейді. Баспасөз картасына ие болған журналист мемлекеттік органдар ұйымдастырған іс-шараларға аккредитациясыз өте алады. Мұның бәрі қазіргі таңдағы цифрлы заманға сай болу үшін әртүрлі жолдарын қарастырамыз. Болашақта цифрлық жүйеге көшуі әбден абзал. Қазіргі таңда оны әлі пысықтап жатырмыз, – дейді Жасұлан Өмірәлиев.
Пікірлер