Мемлекеттік қызметкер болу – үлкен жауапкершілік

8219
Adyrna.kz Telegram

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары «Даналық бейсенбі» кәсіптік бағдар беру жобасы аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департамент қызметкерлерімен кездесті.

Шара спикерлері Мемлекеттік қызмет департаментінің бөлім басшысы Самғат Тарақов пен бақылау бөлімінің бас маманы Азиз Насимбаев болды.

Жастарды мемлекеттік қызметке тарту мақсатындағы бұл кездесуде мемлекеттік қызметке түсу жолдары, Жас мемлекеттік қызметші мектебі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласындағы жоспарланған жаңалықтар туралы ақпарат берілді.

Сонымен қатар, тыңдашыларға мемлекеттік грантпен оқу орындарын аяқтаған үлгерімі жоғары түлектер аудан және ауылдық деңгейдегі төменгі лауазымдарға конкурстық іріктеусіз, тікелей тағайындалу мүмкіндіктері жөнінде түсіндірілді.

Департамент өкілдері мемлекеттік қызметші болу үлкен жауапкершілік және осы ретте мемлекеттік қызметке өз ісін сүйетін, халық мүддесін жеке басының мүддесінен жоғары қоятын азаматтар баруы керек екендігін тілге тиек етті.

 

Пікірлер