Астанада әйеліне ашуланған ер адам мешітке келіп, намаз оқып отырған имамды пышақтап тастаған

7289
Adyrna.kz Telegram
Фото: sn.kz
Фото: sn.kz

Астанада әйеліне ашуланған ер адам мешітке келіп, намаз оқып отырған имамды 13 жерден пышақтап тастады. Көпшілік имамды “уахабист” болған деген қауесет таратуда. Сұмдық жайт туралы қаланың полиция департаменті жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Белгілі болғандай, 1990 жылы туған Жібек Жолы ауылының тұрғыны әйелімен ұрысып қалып, елордалық мешітке барған. Ол мешітте әйелімен шариғат жолымен ажыраспақ болған.

«Ашу үстінде келіп, намаз оқып жатқан имамға пышақ ұрған. Ер адам ұсталды, Астана қаласы ПД Алматы ауданының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі күні тергеу жүріп жатыр», — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, қазіргі таңда имамның ауруханаға жатқызылғаны әрі жағдайы ауыр екені хабарланады. Ал күдіктінің әйелі үйде отырып, суицид жасамақ болып, сірке суын ішкен.

Бүгінгі күні ол Астанадағы 1 қалалық ауруханасына жатқызылған.

Пікірлер