Италияда жер сілкінді

3010
Adyrna.kz Telegram

Италияның орталық бөлігінде магнитудасы 5,0 балдық жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жер сілкінісі 9 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша 15.05-те тіркелген.

Жер асты дүмпулерінің ошағы Умбрия астанасынан солтүстік-батысқа қарай 20 шақырым қашықтықтағы 120 мың халқы бар Перуджа қаласында 2 шақырым тереңдікте орналасқан.

Әзірге зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат жоқ.

Пікірлер