Ақмола облысында психиатрдың есебінде тұрған 51 жастағы азамат іздестірілуде

2690
Adyrna.kz Telegram
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Ақмола полицейлері хабар-ошарсыз кеткен Жыланды кентінің тұрғынын іздестіріп жатыр. Мәліметтерге сай ер адам психиатрдың есебінде тұрған деп хабарлайды. Бұл туралы Polisia.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сәдуақасов Мейрамбек Сәдібекұлы 18 ақпанда үйінен кетіп, оралмаған. 23 ақпанда Сандықтау ауданы ПБ-нің учаскелік инспекторына Жыланды кентінің тұрғыны оны іздеуге жәрдем көрсету туралы өтініш білдірген.Мәліметтерге сай ер адам психиатрдың есебінде тұр. Бұған дейін бірнеше рет үйден кетіп қалған екен.

Тұрғынның белгілері бойынша бойы 160-165 см, көздері қоңыр, шашы қысқа қара, ақ шаштары бар. Басында қара спорттық бас киім, үстінде жарық шағылыстыратын жолақты бар сұр түсті күрте, қара түсті жылы шалбар, қысқы қара аяқ киім болған.

“Жедел-іздестіру іс-шараларына аудандық ПБ-нің 12 қызметкері жұмылдырылды, қарда жүретін 3 көлік, 4 бірлік қызметтік автокөлік бөлінді. Іздеуге 30-ға жуық жергілікті тұрғындар, сондай-ақ еріктілер қосылды”, – деді ведомство хабарламасында.

М.С.Сәдуақасовтың орналасқан жері туралы ақпаратқа ие адамдардың барлығынан 8-771-297-95-58, 8(71640)9-22-87 немесе 102 телефондары бойынша хабарлауды сұраймыз.

Пікірлер