Атбасарда полицей жаяу жүргіншіні қағып өлтірді

1140
Adyrna.kz Telegram
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Атбасарда 18 тамызға қараған түні сағат 02:50-де жол апаты болып, полиция жаяу жүргіншіні қағып өлтірді. Бұл туралы Ақмола облыстық полиция департаменті мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Полиция департаментінің хабарлауынша, көлікті басқарған полицей екі жаяу жүргіншіні қағып кеткен, олардың бірі оқиға орнында көз жұмды.

«Оқиғаға қатысы бар жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ол тергеумен ынтымақтасады. Жол-көлік оқиғасы кезінде жүргізуші ес-түссіз болған. Қазіргі уақытта ол ішкі істер органдарынан осы келеңсіз себептермен жұмыстан босатылды» деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу барысы облыстық полиция департаментінің бақылауында.

Пікірлер