Ақтауда оқушыға дауыс көтеріп, дөрекі сөйлеген мұғалімге сөгіс жарияланды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Ақтаудағы №1 мектепте ұстаздың оқушыға дауыс көтеріп сөйлеп жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарағаннан кейін Маңғыстау облыстық Білім басқармасы қызметтік тексеру жүргізді.
Видеодағы ер адам математика пәнінің педагогі ретінде 2018 жылдың 8 қаңтарында жұмысқа қабылданған.
Аталған оқиға бойынша жиналыс өтті. Мұғалім кінәсін мойындап, ата-аналардан кешірім сұрады. Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 64-бабы 2-тармағына сәйкес мұғалімге «сөгіс», бақылауды әлсіреткені үшін мектеп директорына «ескерту» жарияланды, – деп мәлім етті Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен.Мұндай жағдайлар қайталанбау үшін өңірдің білім беру ұйымдарына қатаң ескерту жіберілді.
Ұқсас жаңалықтар
"Мектеп жөндеуге бөлінген қаржыны жоқ қылғандар қашып, дәретханаға тығылып жүр" - журналист Мадина Оқас