Атырауда Төтенше жағдайлар министрлігінің жоғары лауазымды қызметкері ұсталды. Бұл туралы өңірлік “Ақ жайық” басылымы хабарлады, деп жазады “Адырна” ұлттық порталы.
10 ақпанда пара алды деген күдікпен ҚР ТЖМ Атырау облысы бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік департаментінің басшысы ұсталды, ҚР ҚК 366-бабы ("Пара алу") бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Басылымның хабарлауынша, бұл туралы брифингте жергілікті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының міндетін уақытша атқарушы Ерұлан Серікқалиев мәлімдеді.
Серікқалиев болжамды пара сомасын жарияламады. Оның айтуынша, ұсталған адамға қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы кінәсін мойындауына байланысты қолданылмаған, ал толығырақ ақпарат кейінірек берілетін болады.
“Адырна” ұлттық порталы