2023 жылғы қысқы студенттік ақ ойындардың хоккей турнирінде қола жүлдегер анықталды. Үшінші орын үшін Жапония мен Қазақстан құрамалары таласып, ұлттық құрамамыз қарсыласын 8:1 есебімен ойсырата ұтып, Универсиаданың қола жүлдесін қанжығаға байлады. Бұл туралы bassport.kz хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
Жапония - Қазақстан - 1:8 (0:1, 1:4, 0:3)
0:1 - 06:51 - Мухаметов (Диханбек, Мұратов) СБШ
0:2 - 22:05 - Данияр
0:3 - 24:32 - Мухаметов (Мусоров, Диханбек)
0:4 - 25:37 - Өмірбеков (Мухаметов)
0:5 - 38:28 - Мұратов (Мухаметов) КҚШ
1:5 - 39:07 - Абе (Гондайра, Ова) СБШ
1:6 - 42:06 - Қасенов
1:7 - 47:49 - Мухаметов (Мұратов, Бутенко) СБШ
1:8 - 49:25 - Бутенко (Мухаметов, Демин)
Қақпашылар: Сато (Накамура, 25:37 - 60:00) - Шутов
Айта кетейік, бұл - ел қоржынына Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарында түскен оныншы медаль.
"Адырна" ұлттық порталы