Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып Қуаныш Асылов тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
"Президент әкімшілігінің келісімі бойынша Қуаныш Жұмабекұлы Асылов Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.
Шымкент әкімдігінің мәліметінше, тағайындалғанға дейін ол ҚР президенті әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.
Асылов Қуаныш Жұмабекұлы 1973 жылы 14 наурызда Алматыда дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Құқықтану ғылымдарының магистрі, Вашингтон Дюк университеті Сэнфорд мемлекеттік саясат мектебі Саясаттану ғылымдарының магистрі.
1995-2002 жылдары - Бизнес саласындағы басшылық лауазымдар.
2002-2006 жылдары - Мемлекеттік органдарда қызмет атқарған.
2006-2010 жылдары - ҚР Президентінің Іс басқармасында ресми іс-шаралары және сыртқы байланыстар секторының меңгерушісі.
2011-2013 жылдары - ҚР Есеп комитетінің қаржылық бұзушылықтарды зерттеу орталығының директоры.
2013-2014 жылдары - ҚР Білім және ғылым министрлігінің жастар істері жөніндегі комитетінің төрағасы.
2014-2017 жылдары - ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қоғамдық-саяси жұмыстар және тілдер саясаты комитетінің төрағасы.
2017-2018 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі қоғамдық-саясат секторының меңгерушісі.
2018-2019 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігі аналитика орталығы меңгерушісінің бірінші орынбасары.
2019-2023 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы.
Қазақстан Кәсіпқой бокс федерациясының бірінші вице-президенті, ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлектері қауымдастығының президенті.
"Құрмет" орденінің кавалері, "Ерен еңбегі үшін", ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің "ҚР ҰҚК 25 жыл" мемлекеттік медальдарымен марапатталған.