Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді.
"Шымкент тұрғындары 19 маусым күні шамамен сағат 17.09-да жер сілкінісін сезінді", – делінген ТЖД мәлімдемесінде.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 511 шақырым жерде орналасқаны анықталды.
Қазақстанның ұлттық деректер орталығының алдын ала мәліметі бойынша, Қырғызстанда 5,1 балл жер сілкінісі болған.
Ұқсас жаңалықтар
Алматының Бостандық ауданында 154 шақырым электр желісі жаңғыртылып, 100 шақырымға жуық су құбыры тартылады
