Непалдағы ұшақ апаты салдарынан барлық жолаушы мен экипаж мүшесі қайтыс болды. Бұл туралы Непалдың жергілікті билігі хабарлауда, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бүгін ATR 72 турбовинтті жолаушылар ұшағы Похара қаласының ескі және жаңа әуежайлары арасында апатқа ұшыраған болатын.
Жергілікті Yeti Airlines әуекомпаниясына тиесілі ұшақ Катмандудан Похараға ұшқан еді. Әуекомпаниясы өкілінің мәліметінше, бортта 68 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі болған.
“Жергілікті билік органдары апатқа ұшыраған ұшақтың барлық жолаушысы мен экипаж мүшесі қаза тапқанын мәлімдеді”, - деді News18 телеарнасының дикторы.
Осының алдында ғана сол телеарна 45 жолаушының қаза тапқанын хабарлаған болатын.