Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтады

3164
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстанда экс-президент Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл туралы Қырғыз Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің бастығы Сирожиддин Камолидинов айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімінің өтіп кетуіне байланысты іс тоқтатылды», - деді ол.

Ақаев 1991-2005 жылдар аралығында Қырғызстан президенті болды. 2005 жылы 24 наурызда "қызғалдақ революциясы" кезінде Мәскеуге қашып кеткен. Кейін отставкаға кетті.

Елдің бұрынғы басшысы Құмтөр кенішін игеруге байланысты іс аясында билікті және қызметтік бабын асыра пайдаланғаны үшін, сондай-ақ 1992 жылы "Камеко" компаниясымен келісім жасасу эпизодтары бойынша немқұрайлық танытқаны және 2003 жылы "Құмтөр" жобасын қайта құрылымдағаны үшін айыпталған еді.

Пікірлер