Денис Теннің өліміне қатысты соттың кезекті отырысы тосын мәлімдемелерге толы болды. Тен тарабының қорғаушысы Нұрлан Өстеміров күдікті Жанар Толыбаеваға қатысты жазаны ауырлатуды сұрады. Адвокат Жанардың қылмысқа тікелей қатысы бар екенін айтып, оны "Алдын ала адамдар тобымен келісіп жасалған өлім" бабы бойынша кінәлі деп табуын сұрады.
"2018 жылдың 25-ші сәуірінде 21-54-те Еуропаға шығыс қоңырау болған. Оның қайда және кімге xабарласқанын тексерулеріңізді сұраймын. Нөмірдің басы +4-тен басталады. Нақты айтсақ бұл - Швейцария. Шығыс та, кіріс те қоңырау болған. Сен қоңырау шалдың, артынан саған қайта xабарласты.
Алтыншы мамыр, 3-ші, 5-ші, 7-ші, 20-ші шілде күндері шығыс та, кіріс те қоңыраулар болған. Соңғы қоңырау сен тастап жіберген сим картадан болды. Сен xабарластың бірақ сосын саған қоңырау шалмады.
Ұялы телефон қоңырауларына сәйкес мен келесі отырысқа қарсы шағым түсірмекпін. Себебі мұнда Денистің айналасының қатысы бар. Аталған нөмірлер оның айналасындағылардікімен сәйкес келуде", - дейді Оксана Тен.
Алайда, Жанар Толыбаева Еуропаға қоңырау шалмағанын айтты.
"Ол Қырғызстанға немесе Өзбекстанға болуы мүкін", - деп жауап берді күдікті.
"Сәйкестік деген жайдан жай болмайды. Пышақ, қолғап сатып алу деген. Бұл - алдын ала келісіп, тапсырыспен жасалған қылмыс.
Бұл оқиғада мен Толыбаеваны басты ұйымдастырушы деп есептеймін. Ол телефонмен сөйлесіп, нұсқаулықтарды беріп отырған. Үшеуінің ішіндегі ең білімдісі де сол. Оның жоғарғы білімі бар. Ағылшынша жақсы сөйлейді. Өмірде мақсаты бар. Құдайбергенов ұрлықтың арқасында, Қиясов отбасының көмегімен күн көріп жүр. Тұтқа арқылы тапсырманы осы Толыбаева алып отырды деп ойлаймын" , - деді Өстеміров.
Жәбірленуші тараптың қорғаушысы Өстеміров, Жанар Толыбаеваның Денис Тен өліміне тікелей қатысы бар екенін айтып, оны "алдын ала келісіп жасалған адам өлімі" бабы бойынша кінәлі деп тануды сұрады.
"Адырна" ұлттық порталы