Оралдағы зауыттардың бірінде жұмысшының жантүршігерлік өлімі анықталуда

1343
Adyrna.kz Telegram

Оралда әк зауытының жұмысшысы қаза тапты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы 24.kz сайтына сілтеме жасап.

Еңбек инспекциясы марқұмның кәсіпорында тасымалдаушы болып жұмыс істегенін хабарлады. Ауысым кезінде оны автоматты жинақтағыш қысып қалған. 51 жастағы ер адам алған жарақаттарынан көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептерін арнайы комиссия анықтап жатыр. Бұл жыл басынан бері жұмыс орнында тіркелген үшінші өлім.

Алғашқы екеуі коммуналдық кәсіпорындардың бірінде және Чинаревское мұнай-газ конденсаты кен орнында болды.

«Тергеу 10 жұмыс күніне созылады, тергеу аяқталғаннан кейін материалдардың көшірмелері ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабына сәйкес процессуалдық шешім қабылдау үшін беріледі. Кінәлілер анықталған жағдайда бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», - деді Батыс Қазақстан облысы бойынша еңбек инспекциясы жөніндегі департаментінің басшысы Аслан Лұқпанов.

Пікірлер