Мемлекет басшысының өкімімен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Еске салайық, 2023 жылдың 4 қаңтарында Экология, геология және табиғи ресурстар министрі болып тағайындалған еді.
Министр кезінде маусым айының басында "Семей орманы" резерватында өрт болды. Алапат өрт салдарынан 15 адам қаза тауып, 60 мың гектар орман өртенді. Кәсіпорын басшылығы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзған деген күдікке ілінді.
Ал экология министрі қызметінен 1 қыркүйекте босатылды.
Ұқсас жаңалықтар
Экология министрі жылап тұрды. Бұл көз жас – шарасыздықтың көз жасы. Алдарыңда ар соты, ұрпақ соты, тарих соты тұр деп жыла. Бәрін айтып жыла, елдің зарын айтып жыла.