Денис Теннің өлімі тапсырыспен болған ба?

2684
Adyrna.kz Telegram

Денис Теннің өліміне қатысты сот отырысы жалғасуда. Бүгін Денистің анасы  Оксана Тен күдікті Нұралы Қиясовтың Денистің өлімінен кейін, не себепті Нұралының отбасының жағдайының жақсарып кеткенін сұрады. Оксана Тен осыған дейін де, бұл оқиғаның аяқ астынан болмағанын, тапсырыспен болғанын айтқан иболатын.

"Сенің жанұяңның материалдық жағдайы нашар болған. Анаң сені сот залынан алып шығу үшін несие алғанын да жақсы білеміз.

Ал қазір, жағдай мүлде басқаша. Қайғылы оқиғадан кейін сенің отбасыңның жағдайы бұрынғыдан әлдеқайда жақсарып кеткен. Бұл - сенің көршілеріңнің айтқаны.

Оған қоса, үйлеріңнің алдында енді су жаңа көлік тұр. Мұны қалай түсіндіресің?" , - деп сұрады Денис Теннің анасы күдіктіден.

Күдікті Нұралы Қиясов болса,  өз кінәсін толығымен мойындап, марқұм спортшының ата-анасы мен барша қазақстандықтардан кешірім сұрады.

"Қатты өкінемін. Кешіре алсаңыз, кешіріңізші мені. Түсінемін ол кісі ана, жүрегі ауырады. Денистің ата-анасынан, барша қазақстандықтардан кешірім сұраймын. Мен бұлай боларын білмедім. Біз ұрлыққа ғана бардық. Адам өлтіреміз деп ойлаған жоқпыз, шын. Сол себепті, қасақана адам өлтіру бабымен келіспеймін.  Үлкен қателік болды. Қалай болғанын да түсінбей қалдым. Оқиғаның бұлай аяқталатынын қаламаған едім. Негізі өмірі қанға жоламағанмын. Оксана ханымнан тағы кешірім сұраймын. Ол кісіге қалай ауыр тигенін түсінемін, білемін. Қандай жаза тағайындалса да, мен оған көнемін" , - дейді Қиясов.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер