"Өскеменде жердің бәрі Ахметовтікі, Астананың маңы Шөкеевтікі" - депутат министрді састырды (ВИДЕО)

2383
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс отырысында депутат Берік Дүйсенбинов Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің мемлекет меншігіне қайтарылған жерлер туралы баяндамасы еш шындыққа жанаспайтынын айтып, оны қатаң сыңға алды. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады. 

Мәжіліс депутаты министрден әдемі баяндаманың орнына мыңдаған гектар жерге иелік ететін әкім-қаралардың аты-жөнін халыққа жария етуді сұрады.

"Қай облысқа бармасаңыз жолдың оң жағы да, сол жағы да әкімнің жері. Қайтып жатқан жер жоқ. Мал ұстап отырған, егін егіп отырған кісілер жерге зәру болып отыр. Бірақ қолы күштілер сол бұрынғы қалпында қалып отыр. Жердің иелерін сіздерге мында шығарып, тақтаға жазып қоюға кім кедергі? Өскеменге барсаңыз жердің бәрі Даниал Ахметовтікі, Павлодарға барсаңыз Бақауовтыкі, Астананың маңайында Шөкеевтікі, оны айтуға қорқып отыр бәрі. Жаңағы сіздің баяндамаңызда айтылған мыңдаған гектардың бәрі өтірік. Ана халықтың бәрі наразы болып отыр. Мал ұстаған кісілерге жер жетпей жатыр. Сіздер әдемі баяндаманың орнына осыны қашан нақты қолға аласыздар? Аты-жөнін жазыңыздар, неге ұяласыздар олардан, тақтаға іліп қоюдан? Бұрынғы отырған байлар солар отыр", – дейді депутат Берік Дүйсенбинов. 

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер