Атырауда ер адам әйелі мен баласына жәбір көрсетіп, өз үйін өртеп жібермек болды

2273
Adyrna.kz Telegram

Атырау қаласында мас күйде отбасының шырқын бұзып, өз үйін өртеп жібермек болған ер адам іздестіріліп жатыр. Ол әйелі мен 4 жасар баласының берекесін алған. Үйдің есігін бұзып кіріп, ұшы үшкір затпен әйелін қорқытқан, кішкентай баласының үрейін ұшырған. Қазір ер адамның отбасы "Аналар үйіне" орналастырылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Polisia.kz арнасының хабарлауынша, 22 желтоқсан күні уақыт 21:12 шамасында "102" арнасына 1992 жылы туған азаматша хабарласып, жолдасы мас күйінде үйдің есігін бұзып кіріп, үшкір затпен қорқытып жатқаны жөнінде хабарлама берген. Аталған мекен-жайға жеткен Батыс-58 экипажы үйдің ішінен түтін шығып жатқанын байқап, жедел түрде әрекет етумен 1992 ж.т. азаматша мен оның 4 жастағы баласын қауіпсіз жерге шығарып, өртті ауыздықтады.

Ал мас күйде келіп, әйелін қорқытып, үйді өртке ораған ер азамат жанжал үстінде полиция қызметкерлері келгенше оқиға орнынан қашып кеткен. Аталған факті бойынша полиция қызметкерлері 1992 жылы туған азаматша мен оның 4 жастағы қызын "Аналар үйіне" орналастырды.

Қазір шаңырағының шырқын бұзған ер азаматқа қатысты жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіліп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер