Жамбыл облысында 19 жастағы сарбаз автоматты ұрлап алып, оқ жаудырған

2736
Adyrna.kz Telegram
Фото: ratel.kz
Фото: ratel.kz

Жамбыл облысындағы шекара заставаларының бірінде 19 жастағы әскерге шақырылған сарбаз автоматты ұрлап алып, оқ жаудырған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы КТК телеарнасына сілтеп.

Құрбандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Ақпарат бойынша, оқиға Жуалы ауданында 18 желтоқсанға қараған түні болған. Түнгі сағат үштер шамасында атыс дыбысын жақын маңдағы Алатау ауылының тұрғындары естіген. Олар дабыл қаққан.

Шын мәнінде не болғаны және сарбаздың қазір қайда екені белгісіз. Ведомство бұл оқиғаға қатысты түсініктеме бермеді. Әскерге шақырылушының үстінен атыс қаруын ұрлағаны үшін іс қозғалғаны ғана белгілі.

“Аталған факт бойынша ҚР ІІМ Оңтүстік өңірлік әскери тергеу басқармасының Тараз қалалық басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабы бойынша соталды тергеу амалдарын бастады”, – делінген әскери прокуратураның хабарламасында.

Пікірлер