Әскердегі өлім. Сарыөзекте 18 жастағы сарбаз қаза тапты

2585
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/whatsapp-image-2023-10-10-at-09.38.45-960x500.jpeg?token=d86566fdb83647aa46ecd8caecb3b994
Сарыөзектегі әскери гарнизонда сарбаз қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Қайғылы оқиға 14 қаңтар күні болғаны анықталды. Сарбаздың 18 жаста болған.
«2025 жылдың 14 қаңтарында сағат 12:30 шамасында № 12740 әскери бөлімнің мерзімді әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Құрманбек Дастан Маратұлы (туған күні: 04.06.2006 ж.) АК-74 қаруымен жүрек тұсына оқ атты. Сарбаз сол жерде қайтыс болды», - деп хабарлады 24kz арнасы.
Оқиғаның себептері анықталып жатыр.  Сарбаз өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Пікірлер