Алматы қаласы, Нұрлытау шағын ауданының аумағында салынып жатқан көпқабатты тұрғын үй 13 желтоқсан күні сот орындаушыларының шешімімен қиратыла бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, наурыз айында Қала құрылысын бақылау басқармасы аудан аумағында тексеру жүргізген. Тосыннан тексеру барысында заңды белшеден басқандардың әрекеті әшкереленді. Тау бөктеріндегі нысанның заңсыз салынып жатқаны анықталды. Кейіннен бірден құқық бұзушылықты жою туралы ұйғарым шығарылып, нысан иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бостандық ауданының соты нысанды бұзуды ұйғарса да, нысан иесі кері шағымданып, қарсылық танытқан. Кейінгі сот отырысында құрылыс нысанын бұзу және Бостандық ауданы сотының үкімін өзгеріссіз қалдыру туралы шешім қабылданды. Қазір халықтың жерінде заңсыз бой көтерген ғимараттың іргесі сөгітіліп, қиратылып жатыр.
"Адырна" ұлттық порталы