17 сәуір күні Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры ғимаратында Қазақстанның халық артисі, көрнекті режиссер, профессор Есмұхан Несіпбайұлы Обаевпен қоштасу рәсімі өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Қаралы жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, министр Аида Балаева, зиялы қауым өкілдері, шәкірттері мен марқұмның жақындары қатысты. Жиналғандар оның қазақ сахна өнеріне қосқан зор үлесі мен ұлттық руханияттың дамуына сіңірген еңбегін ерекше атап өтті.
Есмұхан Обаев ұзақ жылдар бойы еліміздің жетекші театрларында еңбек етіп, көркемдік деңгейі жоғары, мазмұнды қойылымдарымен көрермен ықыласына бөленді. Оның шығармашылық жолы ұлттық құндылықтар мен мәдени тәуелсіздік идеяларымен тығыз байланысты болды.
Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды көңіл айту жеделхатында марқұмның ел мәдениетіне сіңірген еңбегін атап өтті.
«Есмұхан ағамыздың өмірлік ұстанымы мен шығармашылық мұрасы елдік мүддемен сабақтас болды. Оның жарқын бейнесі мен ғибратты ғұмыры ел жадында мәңгі сақталады», – делінген жеделхатта.
Айта кетейік, Есмұхан Обаев қазақ театр режиссурасын жаңа деңгейге көтерген тұлғалардың бірі саналады. Оның жетекшілігімен сахналанған классикалық және заманауи қойылымдар ұлттық мәдениеттің алтын қорына енді. Сонымен қатар, профессор ретінде ол өнер саласында бірнеше буын талантты шәкірт тәрбиелеп шығарды.
Қуыршақ театры 88-ші маусым шымылдығын Нколай Гогольдің «Шекпен» және Шарль Перроның «Етік киген мысық» спектакльдерімен жаппақ
