Монополистердің меншігіндегі 26 компания мемлекетке қайтарылады - қаржы министрі

3175
Adyrna.kz Telegram
Фото: Zakon.kz
Фото: Zakon.kz

Монополистердің меншігіндегі 26 компания мемлекетке қайтарылады. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлім етті, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

Министрдің айтуынша, елімізде Экономиканы монополиядан арылту жөнінде арнайы комиссия құрылды және жұмыс істеп тұр.

Қазірдің өзінде Комиссияның 25 отырысы өткізілді. Қорытындысы бойынша бұрын жекешелендірілген және бәсекелес ортаға берілген нысаналардың ішінен мемлекет меншігіне беру үшін оларды іріктеу өлшемшарттары әзірленді.

Телекоммуникация, теміржол инфрақұрылымы, экология және қонақ үй бизнесі салаларында акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі акциялар пакеті мен қатысу үлестері, жылжымайтын мүлік нысандары және ақшалай қаражат мемлекет меншігіне қабылданды.

“Мүлік мемлекеттік меншікке сыйға тарту тәртібімен – бюджеттен қаржылық шығынсыз қабылданады. Көлік және теміржол инфрақұрылымы саласындағы тағы 26 компанияны мемлекеттік меншікке беру процесінде. Бұл бағыттағы жұмыс күшейтілетін болады”, - деді министр.

Пікірлер