Тимур Құлыбаевтың компаниясына 2 млрд теңге айыппұл салынды. Бұл туралы Атырау облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
«Joint Technologies ЖШС-нен «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС үлесінің 50% сатып алу-сату шарты бойынша ерекше талаптарды бұзғаны үшін бюджетке 1,7 млрд теңге мөлшерінде тұрақсыздық айыбы өндірілді», — деп жазылған хабарда.
Сондай-ақ, сот Тимур Құлыбаевтың компаниясына «бәсекелестікті қорғауды бұзғаны үшін» 324 млн теңге айыппұл салған.
Ұқсас жаңалықтар
«Мотоцикл, скутері көп елдің экономикасы жақсы емес деген сөз». Күнде көбейген апаттың ақыры не болмақ?
