Жамбыл облысындағы жарылыс: Бауыржан Дәуітбаевтың сүйегі табылды

2575
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысында әскери қоймадағы жарылыс кезінде жоғалған әскеридің сүйегі табылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Өрт сөндіру бөлімінің командирі кіші сержант Бауыржан Дәуітбаевты былтыр 26 тамыздан бастап іздеген болатын. Сүйек қалдықтарын бөлімнің әскери қызметшілері іздеу жұмыстары барысында тапқан.

"Молекулярлық-генетикалық сараптама оның Бауыржан Дәуітбаевқа тиесілі екенін көрсетті. Жоғалған әскери қызметкердің сүйегінің қалдықтары мен қандас туыстарының ДНҚ талдаулары толығымен сәйкес келді", - делінген қорғаныс министрлігінің хабарламасында. 

Марқұмның отбасына жерлеу шығындары, атқаратын лауазымы бойынша бес жылдық ақшалай қаражат мөлшерінде біржолғы өтемақы төленеді. 

Еске салайық, былтыр тамызда Жамбыл облысындағы әскери бөлімде оқ-дәрі қоймасында жарылыстар болған еді. 18 адам көз жұмған болатын.

Пікірлер