Әскердегі өлім. Маңғыстауда сарбазға оқ тиіп, көз жұмды

1758
Adyrna.kz Telegram
фото: Elorda.info
фото: Elorda.info

Маңғыстау облысындағы "Оймаша" полигонында бір сарбаз көз жұмды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Қайғылы оқиға "Батыс" өңірлік қолбасшылығы бөлімдерінің жиыны кезінде болған.

Бейресми ақпаратқа сәйкес, 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтинанты ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Атылған оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген.

Сарбаз ауруханаға жеткізілгенімен оның өмірін арашалау мүмкін болмаған. 17:40 шамасында ер адам көз жұмды.

Ақтау гарнизоны баспасөз қызметінің хабарына сәйкес, сарбаздың өліміне қаруды дұрыс пайдаланбау себеп.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қылмыстық іс қозғалды.

Пікірлер