Ресей Қазақстан Республикасынан астық тасымалдау тарифтерін төмендетуді сұрап, ортақ келіссөзге келуге шақырды. Бұл жайлы Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
«23 қараша күні Орынборда форум өтеді. Форумды екі елдің басшылары тігіндейді. Ресейдің өзі келіссөзге келуге шақырды. Менің Ресей тарапындағы үзеңгілесім - Оверчук мырза. Біз жақтан да біраз делегация болады. Өзіммен бірге Ресейден транзит арқылы өтуді көздейтін кәсіпкерлерді ертемін. Ресей жағы да өз бизнесмендерін шақыратыны сөзсіз. Біз келісім жайын ақылдасамыз", - деді министр Серік Жұманғарин.Сонымен қатар, министр Ресей жағының ұсыныстары тиімсіз болса, астық тарифтерінің еш түспейтінін хабарлады. Бұған дейін де Ресей Қазақстаннан астық тасымалдау тарифін түсіруді өтінген еді. Бірақ Қазақстан астық тарифін 4 жыл бойы өзгертпей келеді.
"Адырна" ұлттық порталы
Ұқсас жаңалықтар
Дипломатия - болашақ жүз жылдықта тірі қалудың мәселесі: сарапшы Қазақстанның сыртқы саясатвы туралы
ресей
Қазақстан
шекара
экспорт
шикізат
импорт
орыс
нарық
сауда-саттық
қазақстан өнімі
қазақстан наны
ресей мен қазақстан саудасы