Президент пәрмені: Наурызбай ауданында 300 камера орнатылады

2890
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елорда төрінде  өткен сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелеріне арналған кеңесте Алматыда "Сергек" камераларының саны ұлғайтылатынын айтқан еді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысы ірі қалаларда орнатылған бейнебақылау камералараының оң әсерін тигізіп тұрғанына тоқталып,  алып қаладағы камера санын арттыруға тапсырма берген еді.

"Қаңтар оқиғалары кезінде басбұзарлар қолымен 500 камераны сындырған Алматы қаласы бойынша тапсырма бердім. Оларды қалпына келтіріп ғана қоймай, камералардың санын ұлғайту керек. Әңгіме біздің азаматтардың іс-әрекетіне қандай да бір жалпы мониторинг немесе бақылау орнату жайында емес. Бұл тұрғындардың тікелей қауіпсіздік мәселесі", - деді Тоқаев.

Президенттің бұл пәрмені шаһарда қалтқысыз орындалып жатыр. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

"Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Наурызбай ауданының  аумағын бейнебақылау камераларымен қамту мақсатында 300 камераны орнату жұмыстары басталды (148– аулада, 100– көшеде, 52– әлеуметтік объектіде). Бұл жұмыстар осы жылдың соңына дейін аяқталады", - деп хабарлады қала әкімі.

2023 жылдың I-тоқсанында 369 камераға есептелген қазіргі 36«Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешеніне (21-желілік учаскелерде, 15 - көше қиылыстарында) қосымша 205 камераға есептелген 20 «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені (19 – желілік учаскелерде, 1 – жол қиылысында) орнатылады.

Пікірлер