Netflix Алматыда туристік реалити-шоу түсіреді

5881
Adyrna.kz Telegram
Фото: Elise Goodson-Wachlin
Фото: Elise Goodson-Wachlin

Әлемге әйгілі Netflix стримингтік платформасы Қырғызстан мен Қазақстанда туристік реалити-шоу түсірілетінін хабарлады. Алматыда жобаның түсірілімі 20-30 мамыр аралығында өтеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Almaty Tourism Bureau баспасөз қызметінің мәліметінше, жаһандық ойын-сауық индустриясындағы ең ықпалды Netflix компаниясы реалити-тур шоу түсіру орны ретінде Алматының әсем таулары мен қырғыз табиғатын таңдаған.

Айта кетейік, Netflix - кең аудиторияға фильмдер мен телехикаялардың үлкен таңдауын ұсынатын және өте танымал жетекші ағынды платформа.

Аудиториясы әлем бойынша жарты миллиардтан астам адамды құрайды. Netflix-тің 270 миллионға жуық ақылы жазылушысы бар.

Сондықтан Алматыда туристік реалити-шоуды түсіру – елді тануға және туристік әлеуетті арттыруға ықпал ететін маңызды «капитал» болмақ. Жобаның жүзеге асуы Алматы туристік бюросының командасы мен Қырғызстанның продюсерлік компаниясының ынтымақтастығының нәтижесінде болады.

Пікірлер