Сәтбаев қаласында көлік жүргізушісі тірідей жанып кетті

3671
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Сәтбаев қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік өртеніп, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты. Әлеуметтік желіде өртеніп жатқан көліктің видеосы пайда болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ұлытау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 25 қазанда Жезқазған – Есіл – Петропавл тасжолында Сәтбаевтан Жезқазған қаласына шыға берісте болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, «Мерседес» көлігінің 58 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қала атауы жазылған аркаға соғылған. Жол-көлік оқиғасы кезінде көлік өртеніп, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты», - делінген хабарламада.

Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

 

 

Пікірлер