"Қазақша сөйлеңдер деп айтайын ба оларға?" - ана тілін менсінбейтін спортшылар кімдер? (ВИДЕО)

8268
Adyrna.kz Telegram

Қазақ тілін менсінбейтін отандық спортшылар сынның астында қалды. Журналист боксшы Серік Сәпиевқа "спортшыларға қазақ тілі керек емес пе?" деп өткір сұрақтар қойып, састырды. Бұл туралы "Адырна" ұлттық порталы жазады.

Журналисттің: "Бүгін міне спорттың қаймақтары болды ғой... Олимпиада чемпиондары, әлем чемпиондары... Бәрінің басын қосып жатсыздар. Бірақ неге жиналыс 99 пайыз орысша өтті? Баяндамалар мемлекеттік тілде айтылмады... Мысалы, бізде де қазақ тілді аудитория бар ғой. Оларды неге ойламайсыздар? Мемлекеттік тілге неге осындай көзқарас танытасыздар? Біздің спортшыларға қазақ тілі керек емес пе сонда?" деген сұрағына Сәпиев былай жауап берді: 

"Өзім қазақ тілі мен орыс тілін араластырып, баяндама айттым. Бұл спортшыларға байланысты... Олар өз тілімен айтты... Әрине мемлекеттік тіл керек. Бірақ олар орысша айтты. Енді мен не айта аламын? Қазақша сөйлеңдер деп айтайын ба оларға? Жақсы айтамын. Болды рақмет", - деп тіл қатты Сәпиев.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер