"Соғыстан қашқан ресейліктер көбейді": Путин шекараны жауып тастауды көздеп отыр

3343
Adyrna.kz Telegram

Мобилизация жарияланғаннан кейін Ресейден 261 мыңнан астам ер адам қашып кетті. Осыған байланысты агрессор Владимир Путин жақын арада шекараны жауып тастауы мүмкін.  Бұл туралы "Новая газета. Европа" басылымы хабарлады, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.

Ресей ФСБ шекара қызметінің мәлімдеуінше, 21 қыркүйек пен 25 қыркүйек аралығында 261 мыңнан астам ер адам РФ-нан қашып кеткен.

Кремльде бірнеше күн бойы әскер жасындағы ер-азаматтардың елден шығуына тыйым салу туралы мәселе қызу талқыланып жатыр. Президент әкімшілігінде қауіпсіздік күштері мен Қорғаныс министрлігі Путинге кеш болмай тұрғанда "шекараны жабайық" деп үндеу тастауда.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ресей үкіметі 27 қыркүйекте Украинаның оккупацияланған аумақтарында жалған референдум өткізгеннен кейін ер адамдарға шекараны жауып тастауы мүмкін екенін мәлімдеген болатын.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

Пікірлер