Дәурен Абаев: Қазақстан футболының жаңа дәуірі басталды

2761
Adyrna.kz Telegram

Кеше футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Беларусь командасын жеңіп, Ұлттар лигасында жеңіске жетті. Ойын 2:1 есебімен аяқталды. Ұлттық құрама Қазақстан тарихында тұңғыш рет Беларусь құрамасын жеңіп, В дивизионына шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап. 

Беларусь командасының қақпасына гол салған ойыншыларымыз: Михаил Габышев пен Бахтиер Зайнутдинов.

Осынау тарихи жеңіске байланысты ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев ФБ парақшасында Ұлттық құрама ойыншыларын құттықтады.

«Тегеурінді дайындық, теңдессіз нәтиже! Бұл – шын мәнінде Қазақстан футболының жаңа дәуірі. Алға, жігіттер!»,-деп жазды министр.

Айта кетейік, 22 қыркүйектен 23 қыркүйекке қараған түні басталатын топтың тағы бір матчында Словакия өз алаңында Әзірбайжанды қабылдайды. Ал, 25 қыркүйекте Қазақстан құрамасы Бакуде Әзірбайжан құрамасымен ойнайды.

Пікірлер