ШҚО-да 4,5 млрд теңге тұратын жылу қазандығы әлі іске қосылмаған

2909
Adyrna.kz Telegram
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында мерзімінде тапсырылмаған және нәтижесіз жобалар көбейген. Бұған дейін 2 миллиард теңгеге тартылған ауыз су құбырының дұрыс жұмыс істемей тұрғаны жайлы айтқан едік. Енді аудан орталығында 4,5 миллиард теңге тұратын қазандық әлі іске қосылмай жатыр, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы  Хабар 24 арнасына сілтеме жасап.

Жылу орталығының құрылысы мемлекеттік және жекеменшік әріптестік негізінде жүргізілуі тиіс еді. Бюджеттен 1,5 миллиард теңгеден астам қаражат бөлінді. Алайда шетелдік инвестор өкілдері өздері келіскен мердігер компаниямен мәмілеге келе алар емес. Қазір екі тарап өзара соттасып жатыр. Ал құрылыс тоқтап тұр. Кент тұрғындары болса, қысқа отын жинап, электр жылытқыш құралдарын сатып алып, барынша қамданып жатыр.

 «Мемлекеттік жекеменшік әріптестік бойынша салынғандықтан, мемлекет тарапынан ешқандай кедергі болып тұрған жоқ.1 миллиард 689 миллион теңгенің жұмысы орындалды. Қазір құрылыс монтаж шаруалары қалды. Жекеменшік шетелдік инвестор өздері келіскен мердігер компаниямен өз мәселелерін шеше алмай жатыр. Араларындағы кредиторлық қарыз 227 миллион теңге», - дейді Глубокое ауданы ТҮКШ бөлімі басшысының міндетін атқарушы Елдар Ыдырышев.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер