Айдос Сарым: "Саяси ұстанымым Алтынбекпен абсолютті түрде бірдей"

3095
Adyrna.kz Telegram

      Мемлекет және қоғам қайраткері, журналист Алтынбек Сәрсенбайұлының көзі тір болса, биыл 60 жасты алқымдар еді. Саясаткердің атын асқақтатып, ел арасындағы абыройын көрсету мақсатында қоғамымызда түрлі іс-шаралар өтуде. 

Осыған орай А. Сәрсенбайұлының замандары әрі шәкірті саналатын қазіргі Мәжіліс депутаты Айдос Сарым NEGE порталының тілшілеріне сұхбат берді. Сұхбатта А. Сарымның  Алтынбек Сәрсенбайұлының атына көше, мектеп атын беру қажеттілігі туралы  саяси мәлімдеме жасап, Президентке дейін хат жазғаны, Тоқаев билігінің бүгінгі жасап жатқан шаруасы, "Жаңа Қазақстан" жайлы айтылады. Журналист тарапынан қойылған кезекті "Сіздің қазіргі саяси ұстанымдарыңыз Алтынбекпен бірдей ме, әлде бөлек пе?" деген сұраққа депутат:

– Абсолютті түрде бірдей. Менің таңғалдыратын және күлкімді келтіретін жайт: Алтынбекті өмірде көрмеген, сөйлеспеген, тіпті дұрыс танымайтын азаматтардың оны ту қылып ұстап, сан-саққа бұратыны. Өмірдегі Алтынбектен өздерінің қиялындағы Алтынбекті бөліп шығарып алса жақсы болушы еді, - деп жауап берген.

Қоғамда Алтынбек Сәрсенбайұлының өліміне қатысты пікір қайшылығы көп. Әлі күнге дейін «Қастандыққа тапсырыс беруші кім? Қандай елге айналдық?» деген дау әлі толастар емес.

Дереккөз: https://nege.kz/news/science/aidos_sarim_mazhilis_deputati_altinbektin_shakirti_degen_atakti_menen_eshkim_tartip_ala_almaidi_20220912203306

Пікірлер