Серік Абденов ҚТЖ-дағы қызметінен кетті

4157
Adyrna.kz Telegram

Серік Абденов «Қазақстан темір жолы» ҰК »АҚ басқарма төрағасының корпоративтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметінен кетті. Ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жөніндегі департаменттің директоры Қайсар Жұмабайұлы растады,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Серік Абденов қазақстандықтардың есінде 2012 жылдың қыркүйегінен 2013 жылдың маусымына дейін әйелдердің зейнетке шығу жасын арттыратын зейнетақымен қамтамасыздандыру туралы заңға өзгертулер қабылдау кезінде Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі ретіндегі жұмысымен есте қалған еді.

Есте болса, Абденов «Сіз жұмыс істеуіңіз керек, өйткені, құрметті отандастар, өйткені, өйткені ...» атты фразасымен Казнеттіктерді шулатқан еді.

2013 жылдың шілдесінде Серік Абденов «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі болды. 2016 жылдың тамызынан бастап ол кадрларды басқару жөніндегі вице-президентке дейін көтерілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер