Белгілі ғалым Аманқос Мектеп-тегімен кездесу қызықты болды

3102
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Адырна» ұлттық бірлестігі бірнеше кездесулер өткізді. Жақында Ұлттық Ұлан гвардиясының №75/52 әскери бөлімшесінде ғалым Аманқос Мектеппен кездесу өтті. Сарбаздар мен сардарлар бұл кездесуде қазақ тілінің, жазуының  тағдыры туралы ғалымның әңгімесін қызыға тыңдады.

Аманқос Мектеп байырғы түркілердің жазуы туралы өз зерттеулерінің нәтижесімен бөлісті. Әр әріп таңбасының пайда болуының өзіндік құпиясы болғандығын өзі дайындаған кесте негізінде әңгімеледі. Ғылымда Бітік, Орхан, Руника жазулары деп аталатын бабалар әліпбиінің тарихына қызықты шолулар жасаған ғалым, бір сағатқа жуық баяндама жасады. Әңгімені арасында өзіне қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беріп отырды. Өзінің жазған кітаптарын көрсетіп, бұл ғылыми шығармаларының мазмұнына кеңінен тоқталды.

Ғалым өз сөзінің екінші жартысында еліміз бен әлемде болып жатқан жағдайларға да байланысты өз пікірін білдірді. Әсіресе қазіргі таңда кейбіреулердің мағынасы түрлі күдікті діни ағымдардың ықпалына түсіп жатқанын айтты. Кейбір қыз-келіншектердің мен ер адамдардың да бізге жат киімдерді киіп, жақын әңгімелескенде діни білімдерінің өте таяз екенін білініп тұратынына баса назар аударды. Кездесуге жиналғандарға осындай келеңсіздіктерден өз туыстарының, әсіресе жастардың абай болуын ескертті.  Қазақтың ұлттық рухани құндылықтарын біліп үйренуге шақырды. Бұл үшін елімізде барлық жағдай жасалғанын атап айтты.

Ғалым Отан дегеніміз адамдар, шекара, жер көлемі, қазба байлықтар екенін айта келіп, солардың қатарында ең бағалы рухани құндылықтар туралы да айтты. Кезедсу соңында кітаптар көрмесін тамашалаған әскери бөлімшенің қызметкерлері ғалыммен бірге суретке түсті.

 

Әскери бөлімшенің өкілі бұндай кездесулердің әскери мамандық иелеріне өте пайдалы екенін айта келіп, ғалымды болашақта тағы да келіп өз шығармашылығымен бөлісіп тұруын өтінді.

Пікірлер