Қырғызстан президентінің ағасы Сабыр Жапаровтың алтын ұрлағаны рас па?

2343
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде Қырғыз Республикасы президентінің ағасы Сабыр Жапаровтың белгілі бір кәсіпорынның аумағында алтын құймаларын ұстап тұрған суреті тарап кетті. Фото қызу талқыға түсіп, жұртшылықтың түрлі таңданысын тудырған болатын, деп жазады "Адырна" порталы. 

Жақында кен орнында 15 тонна алтынның жоғалып кеткені туралы ақпарат тарап жұрт талқысы басталды.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында «Құмтор Голд Компани» ЖАҚ жылдық есебін ұсынды. Бұдан кейін 2021 жылы кен орнында 14,5 тонна алтын өндірілді. Ақылбек Жапаров Құмтөрдың барлық алтыны ел аумағында орналасқанын мәлімдеді. Сол кезде сыртқы менеджер болған Теңіз Бөлтірік бұдан былай Ұлттық банк кеніштің барлық өнімдерін сатып алатынын мәлімдеді. Алайда Ұлттық банк бұдан кейін «Құмтөр Голд Компанимен» Құмтөр кенішінен алтын сатып алу туралы келісім жасамағанын мәлімдеді.

Сәуір айында президент Садыр Жапаров сұхбаттарының бірінде Құмтөрда өндірілген алтынды Қырғыз Республикасының Ұлттық банкі шетелге сататынын айтқан болатын. Кейін БАҚ Ұлттық статистикалық комитеттің мәліметтерін зерделей келе, 2021 жылы Ұлттық банк шынымен де $1,1 млрд сомаға 19,2 тонна алтын сатқанын, алтынның «анықталмаған елге» экспортталғанын анықтады. Ұлттық банк бұл ақпаратты растады, бірақ оның халықаралық резервтегі алтын екенін атап өтті.

Алайда, Ұлттық банктің өз есебінен 2021 жылы 14,4 тонна алтын сатқаны белгілі болды. Ақпараттың мұндай алшақтығына Ұлттық банк әзірше түсініктеме беріп, құпиялылықты алға тартқан жоқ.

Сондай-ақ Ұлттық банк президенттің Құмтөр алтынын сатуға қатысты мәлімдемесі жайлы пікір білдірмеді.

2021 жылы Құмтөрде өндірілген алтынның тағдыры қандай болмақ? 19 және 14 тонна алтын дегеніміз не?

«Кабар» агенттігінің журналисі президенттен осы мәселеге қатысты түсінік беруді сұрады. Садыр Жапаров «ағайындар» халықты әбігерге салуда деп есептейді.

"Ештеңені түсінбей жатып байбалам салатын ағайындарға айтқым келеді. 19 тонна, 21 тонна алтын тығылды дегендерге айтарым, ел қашан, қай ұшақта алтын тасымалдайды - мұның бәрі құпия. Бұл халықтан жасыру үшін жасалмайды, барлығы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін. Ұлттық банк миллиардтаған алтынды өзге елдерге экспорттайды және Ұлттық банк арқылы қанша ұшақ қатынайды. Егер құпия ақпараттар жарияланатын болса, бұл мемлекет қаржысына төнген қауіп деп білеміз. Тіпті алтын діттеген жерге жетпеуі мүмкін. Алтын шетел банкіне жеткізіліп, халықаралық биржа бағасымен сатылады. Барлық құжаттар мұрағатта сақтаулы. Мемлекетті ешкім алдамайды" деді президент Жапаров.

Қазір таразының жоқтығынан бәрін көзбен өлшейтін заман емес.

Тағы бір айта кетерлігі, дәл осы жандар Құмтөрде алтын ұрланып жатыр деп шулап жүр. Бір келі алтын тұрмақ, бір грамм алтынды ешкім ұрлай алмайды. Әр нүктеде 10-15 адам акт жасайды. Алтынның әрбір граммы өлшенеді. Оған қоса, қазір барлығы цифрландырылған, тәулік бойы бейнебақылау орнатылған. Бұл жерде канадалықтардың еңбегін мойындаған жөн.

Құмтөрда алтын өндіруден басқа да жұмыстар бар. Мысалы, отын, қосалқы бөлшектер, азық-түлік сатып алу. Осы тұстарда ұрлық болуы мүмкін. Осы мәселе бойынша мен Есеп палатасын Құмтөрге жібердім. Тексеру кезінде кейбір материалдардың нарық бағасынан жоғары бағамен сатып алынғаны анықталды. Сондықтан біз ол жақта басшылықты ауыстырып, оларға бұдан былай Құмтөр мемлекет бақылауында екенін, әр тиынға жауапты болатынын түсіндірдік. Бас прокуратура тергеуді жалғастырады. Мен оларға бір ай уақыт бердім. Тексеру қорытындысы халыққа ұсынылады. Біздің халықтан жасыратын ештеңеміз жоқ», - деді президент.

Президенттің баспасөз хатшысы Ербол Сұлтанбаев суреттің 2017 жылы түсірілгенін жазды. Алайда олар Сұлтанбаевқа қате күн туралы жаза бастаған соң, ол қателескенін баса айтып, сұраққа кейінірек жауап беруге уәде берді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер