Қызылорда қаласында 27 жастағы келіншекті жолдасы ұрып өлтірген

7548
Adyrna.kz Telegram
Фото:instagram/nemolchi.kz
Фото:instagram/nemolchi.kz

Қызылорда қаласында 27 жастағы келіншекті жолдасы ұрып өлтірген. Адам өлтіру оқиғасы 3 тамызда облыс орталығында болған. Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі nemolchi.kz-парақшасы жазды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Полицейлер күдіктіні, жәбірленушінің 29 жастағы күйеуін ұстады. Бірақ туыстары бұл қайғылы оқиғаға қатысы бар барлық адамның жазалануын талап етіп отыр.

Жазбада марқұм сол күні күйеуімен бірге туған күнін тойлау үшін дәмханаға баруы керек болғанын айтқан хабарламалар бар. Қайғылы оқиғаның жай-жапсарын оларға кафе қызметкерлері айтып берген.

Қайтыс болған келіншектің әпкесі алдымен «Немолчи» қорынан көмек сұраған.

Қайтыс болған келіншектің әпкесінің айтуынша, күйеу баласы сіңлісінің сау тамтығын қалдырмай пышақ сұққан. Ал оның оқиға орнынан жасырынуына туған ағасы көмектессе, жеңгесі қылмыстың болғанын жасырған.

Сондай-ақ, қансыраған әйелдің  видеосы қылмыс болған жерде түсіп қалған. Бірақ караоке иелері камера жұмыс істемейді деп қашқақтап отырған көрінеді.

«Екеуі үйленген күндерін атап өтеміз деп кафеге кеткен. Анама таңғы 4-те учаскелік полиция хабарласып, қызыңыз отырған караоекеге 94 мың теңге қарыз. Шотты төлемесеңіздер, кәсіп иесі арыз жазбақшы деді. Сосын, сіздің күйеу балаңыз қызыңызды әбден ұрып, екі рет есінен тандырды. Артынша, бізбен төбелесті. Қызыңызды көрсеңіз, дәрігерге көрсетіңіз деген. Бірақ өздері араша түспеген, оның қашып кетуіне жол берген. Күйеуі сіңлімді ағасының үйіне алып барған, сол үйдің көршілері келіншектің басынан темірмен ұрып жатқанын көрген. Ақыры өлтіріп тынған соң олар мәйіттен құтылмақшы болған. Бірақ қыздың анасы сол үйге бара жатырмын деген соң, олар үлгермей қалған. Бірақ жолдасы қашып кеткен», - деп түсіндірді марқұмның әпкесі.

Бүгін Қызылорда қаласының полиция департаменті күдіктінің қолған түскенін хабарлады.

«Қызылорда тұрғыны 3 тамызда түнде мас күйінде әйелін ұрып-соққан. 27 жастағы азамат ауыр дене жарақатынан көз жұмды. Оқиға орнынан қашып кеткен 29 жастағы қала тұрғынын ұстау мақсатында жедел-тергеу тобы құрылды. Шұғыл жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ол жасырынып жүрген досының үйінде ұсталды», - делінген Қызылорда қаласының полиция департаменті таратқан хабарламада.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер