Керекуде екі жасар бала сегізінші қабаттан құлап, көз жұмды

2123
Adyrna.kz Telegram

Биіктіктен құлаған баланың  өмірі үшін  дәрігерлер күрескен еді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

 

Еске саламыз, қайғылы оқиға алтыншы қыркүйек күні М.Жүсіп көшесі, 270-үйде орын алған. Ауыр жарақат алған сәби 11:27 шамасында Павлодардағы балалар ауруханасына жеткізілген болатын.

Павлодар облыстық балалар ауруханасы директорының медицина бөлімі жөніндегі орынбасары Ирина Орсагош:

"Бүлдіршін  өлім мен өмірдің арасында жатыр.  Биіктіктен құлдилаған баланың бас сүйегі зақымданып, қан тамырлары мен өкпесі жыртылған",-деген еді.

Өкішінке орай, 7 қыркүйек 21:00-де бала ауыр жарақаттарына байланысты көз жұмды.

Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, баланың жүрегі тоқтап қалған.

 

 

 

Пікірлер