Керекуде екі жасар бала сегізінші қабаттан құлап, көз жұмды

2417
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/09/60b703c95d385536661817.jpeg
Биіктіктен құлаған баланың  өмірі үшін  дәрігерлер күрескен еді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.   Еске саламыз, қайғылы оқиға алтыншы қыркүйек күні М.Жүсіп көшесі, 270-үйде орын алған. Ауыр жарақат алған сәби 11:27 шамасында Павлодардағы балалар ауруханасына жеткізілген болатын. Павлодар облыстық балалар ауруханасы директорының медицина бөлімі жөніндегі орынбасары Ирина Орсагош:
"Бүлдіршін  өлім мен өмірдің арасында жатыр.  Биіктіктен құлдилаған баланың бас сүйегі зақымданып, қан тамырлары мен өкпесі жыртылған",-деген еді.
Өкішінке орай, 7 қыркүйек 21:00-де бала ауыр жарақаттарына байланысты көз жұмды. Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, баланың жүрегі тоқтап қалған.      
评论
其他材料